Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Құрылтай 75-ке толды

Мәңгі есте қалатын күн. Бүгін Алматыда Құрылтай есімді азамат 75-ке толды. Ол өзінің жеке меншік мерекесін әдеттегідей емес, сайлау учаскесінде қарсы алды. Саяси додаға атсалысып, таңдауын жасап, дауыс берді. Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесі туған күн иесін салтанатты түрде құттықтады. Құрылтай Сәткенбаев көпшілікке алғысын білдірді. Сондай-ақ еліміз үшін айтулы күнде әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып өтті.

ҚҰРЫЛТАЙ СӘТКЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл тарихи оқиға. Соған қуанамын. Осыған қатысқаныма. Біздің Президентіміз мұны бір кезең дейді. Жақсылық әкелсін. Қазақстанымыз өркейе берсін. Болашақ балаларымызға, немерелерімізге жақсылық болсын. Қабылданған шешім де жақсы болып, жақсылық әкелсін.

Елімізде «Құрылтай» есімді 10 адам бар. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл ерекше атты арқалағандардың алтауы ер адам, төртеуі әйел. Олар Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында тұрады.

← Барлық жаңалықтар