Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Тазалықшылар да сайлауға қатысты

Жұмыстан тіке сайлауға. «Алматы-тазалық» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері таңсәріден қаланың тазалығын реттей сала, жаппай жұмыс киімімен дауыс беруге барды. Өздерінің аумағына жақын учаскеге олар алдын ала өтінім беріп қойған. Біртіндеп өз таңдауын жасап шыққан еңбек ұжымы сайлау учаскесі дайындаған караокеде ән шырқады.

379-сайлау учаскесін құдды концерт алаңы дерсіз. Келгеннің бәрі караокеде бір ән шырқап кетуде. Тарихи сәтте естелікке суретке түсіп, жаңа кезең болашақ ұрпаққа пайдалы болуын тіледі. Одан бөлек оқушылар тобы домбырада үздіксіз күй тартып, халықтың қошеметіне бөленуде. 2617 адам тіркелген мекеменің бір шетінде сауда да қызып жатыр. Сайлаушылар үшін арзан бағамен жәрмеңке ұйымдастырылған.

БОТАГӨЗ КӨШЕКБАЕВА, 379 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Сайлаушылардың назарына, сайлаушылар үшін деп, мекеменің алдында үлкен жәрмеңке жүріп жатыр. Оқушыларға арналған және де көпшіліктің сұранысына керекті заттар сатылымда. Концерт болып жатыр, оркестр домбырада күй ойнап отыр. Барлығы осы халықтың қамы үшін.

← Барлық жаңалықтар