Үкіметте жылу беру маусымына дайындықты баяу жүргізіп жатқан өңірлер аталды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, тұрғын үйлердің 96 пайызы қысқа тас-түйін әзір. Халықты жылумен қамтамасыз етуде Түркістан облысы көш бастап тұр. Ал білім беру нысандары бойынша Алматы мен Ақтөбе облыстары жоспардан қалып отыр. Сондай-ақ жауапты ведомство Шымкент пен Алматыдағы денсаулық сақтау мекемелерінің де дайындығы төмен екенін мәлімдеді.