Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Тұрғындар су ішуге қорқады

Шығыс Қазақстан облысы, Степное ауылының тұрғындары талай жыл күткен су құбырының қызығын емес, шыжығын көріп отырмыз дейді. Құрылыс жұмысы кезінде кеткен ақаулардан су қайта-қайта тоқтап қалатыны былай тұрсын, тіршілік нәрінің сапасы да сұмдық болып шығыпты. Енді тұрғындар мердігердің жауапкершілік мерзімі бітіп, түйткіл шешілмей сол күйі қала ма деп қорқады. Оны қабылдап алған жергілікті билік те өз қателерін мойындап отыр.

ӘСЕТ ҚҰБІЛЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Басшылыққа бұл мәселені жеткізіп, арнайы комиссия құруын сұраймын. Керек болса, сот алды наразылық білдіріп, барлық кемшіліктердің көзін жоюды талап ететін боламыз.

Мердігер компания жауапкершіліктен қашпаймыз, керек болса құрылыс барысындағы ақаудың көзін жоямыз деп отыр.

НҰРБОЛ ҚАБЫЛБАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Барлық құрылғылар жоспарға сай орнатылды. Алайда жобаның нақты құны о бастан арзандатылғандықтан, осындай ақаулар орын алды деп ойлаймын. Ал су сапасына келер болсақ, бұл жерде араласты дейтіндей жер асты артезиан құдықтары жоқ, сондықтан су сапасы талапқа сай.

← Барлық жаңалықтар