Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Ауыл мектептеріне қолдау

Ауыл мектебінің мүмкіндігі қаладан кем болмауы керек. Осы мақсатта қолға алынған ауқымды жобалардың нәтижесі Астанада өткен «Auyl bilim Talks» республикалық форумында таныстырылды. Басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдер мен білім саласының мамандары жиналды. Қазір бастама 7 облыстағы 418 ауыл мектебін қамтып отыр. Соңғы үш жылда 11 800-ден астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшысы біліктілігін арттырған. Негізгі бағыт – елді мекендердегі ұстаздарға кәсіби қолдау көрсету, заманауи зертханаларды тиімді пайдалану және «Білім-инновация» лицейлерінің озық педагогикалық тәжірибесін ауыл мектептеріне енгізу.

ДӘНЕКЕР ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі жоба – ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін өте өзекті, қажетті жобалардың бірі. Бұл жобадан біздің аларымыз көп. Ауыл мектептерінде берілетін білім барлық стандартқа сай. Ауыл балаларының да деңгейі жақсы деп айта аламын. Біздің өз мектебімізден «Алтын белгі» иегерлері шықты. Облыстық, республикалық олимпиада жеңімпаздары шықты.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар