Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Білімпаз оқушыларға сыйақы беріледі

Бәйгеден озған білімпаз жастардың еңбегі енді зая кетпейді. Бұдан былай халықаралық олимпиада шыңын бағындырғандар ғана емес, ғылыми жобаларда озық ойымен дараланған оқушылар да қаржылай сыйақыға ие болмақ. Дарынды жастарды қолдап, қабілетін бағалауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында қадап тапсырды. Бұл өрендердің ғылымға деген ынтасын арттырып, үлкен мақсаттарға жетелейді. Президент атағандай, қазірдің өзінде озық технологиялар мен жастардың зияткерлік әлеуеті үйлесім тапты. Ол экономикаға да елеулі нәтиже бере алады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа стартаптар ашылып, алғашқы «сыңармүйіз стартаптар» пайда болды. Осы тәжірибені кеңейту үшін білім беруді басты орынға қоятын инновациялық экожүйе құру қажет. Сол себепті Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында саланы басқарудың платформалық үлгісіне көшу басталды.

← Барлық жаңалықтар