Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Заңсыз қоқыс үйінділерімен күрес күшейді

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 70 тонна құрылыс және тұрмыстық қалдық шығарылды. Қалада заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Экология департаментінің бастамасымен қала іргесіндегі «Жұлдыз» тұрғын алабының төңірегі тазартылды. Игі іске коммуналдық қызметкерлер мен еріктілер бір кісідей жұмылып, белсенділік танытты. Мамандардың айтуынша, биыл ғарыштық геопортал түсірілімдері арқылы отызға жуық заңсыз қалдық орны белгілі болған.

ДҮЙСЕН ҚҰЛТІЛЕУОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұсыныстар айтылып жатыр: камера қойдыру, жолды жабу, топырақ сеуіп тастау. Мұндай қоқыс орындары қаламыздың көркіне әсер етеді. Одан кейін осы жақын маңда тұрып жатқан тұрғындарға зиянын келтіріп жатыр.

Айта кетейік, қоқыс үйінділерін дер кезінде тазаламағаны үшін Еңбекші және Әл-Фараби аудандары әкімдіктерінің бірқатар қызметкері жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған. Қала аумағында жалпы саны 573 қалдық төгетін алаң мен 3 070 контейнер бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

← Барлық жаңалықтар