Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Ақылы автожолдарда төлем жасау жеңілдейді

Ақылы автожолдарда төлем жасау жеңілдей түспек. Енді жүргізушілер касса жағалап немесе әр сапар сайын алдын ала төлем жасап әуре-сарсаңға түспейді. Себебі ҚазАвтоЖол «RFID» деген жаңа құрылғыны енгізіп жатыр. Алдымен жұрт оны көлігіне орнатады, кейін ақылы жолдағы арнайы пункттен өткен сәтте ақшаны автоматты түрде шоттан шешіп алады. Әсіресе көлік көбейіп, бекеттерде ұзан-сонар кезек болғанда бұл тәсілдің пайдасы айқын көрінбек. RFID-жабдығы тегін беріледі. Құрылғыны төлем пунктінен алып, сол жерде бірден машинаға орнатуға болады.

← Барлық жаңалықтар