Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Ауылда арендалық үй алу тәртібі өзгереді

Енді ауылдағы азаматтарға берілетін арендалық үйді бөлу тәртібі өзгереді. 1 қыркүйектен бастап баспана кезегінде тұрған адамдар пәтерді өздері таңдай алады. Ол үшін «Баспана маркет» порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбамен өтініш беру қажет. Бірақ үйді өзі кезекте тұрған елді мекеннен ғана ала алады. Сондай-ақ, отбасының соңғы алты айдағы табысы тексеріледі. Ал жалдау ақысы үйдің жағдайы мен шаршы метріне қарай белгіленеді. Өтініш мақұлданып, баспана бөлінгеннен кейін ауыл тұрғыны әкімдікке барып, жалдау шартын жасасады.

← Барлық жаңалықтар