Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Таудағы құбылыс таңғалдырды

Іле Алатауының 2 500 метр биіктігінде тау тастары төмен қарай құлдилап жатыр. Күн шайдай ашық, жаңбыр жоқ, тып-тыныш сәттегі құбылыс көрген жанды таңғалдырды. Үлкен-үлкен тастар өздігінен сырғып, айналаны түгел шаң басып қалған. Оқиға Үлкен Алматы көлінің маңында болыпты. Қайта бірде-бір турист зардап шекпеген. Әйтпесе тауға шыққандардың көбі сол жерде жүреді. Құтқару қызметі барлық адамды қауіпсіз аумаққа көшіргенін айтты.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар