Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Жастардың саяси белсенділігі артып келеді

Елде шамамен төрт миллион жас Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысыпты. Бұл жай ғана көрсеткіш емес, қазіргі буынның қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамайтынын және саяси өмірге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жалпы, олардың қазіргі белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі қандай деңгейде екен? Осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Jastar X диалог алаңы өтті. Онда сарапшылар мен заңгерлер бас қосып, осы өзекті мәселелерді ортаға салды.

ЖАМАЛАДИН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Жасалып жатқан реформалар, мемлекеттік деңгейдегі өзгерістердің барлығы жастарға бағытталған. Өйткені кез келген реформаның нәтижелерін біз белгілі бір кезеңдерде көреміз. 15 жыл болуы мүмкін, 10 жыл болуы мүмкін. Сондықтан да жастар кешегі саяси науқанға барлық формада қатысу арқылы мемлекеттің қарқынды дамуына өз үлесін қосты деп айта аламыз.

Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер, елдегі жаңа саяси жүйе және жастардың қоғамдағы рөлі ашық пікірталастың басты тақырыбы болды. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың республикамыздың саяси дамуына қандай үлес қоса алатыны және алдағы өзгерістерге жауапкершілік алуға қаншалықты дайын екені сөз болды.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар