Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Екі бойжеткен тауда қалып қойды

Екі бойжеткен тауда қалып қойды. Алматы тауларында серуендеп жүрген қыздар қиын жағдайда тап болды. Олар Терешкова шыңының 3 мың 445 метр биіктігіне көтерілген. Сол сәтте тас көшкіні жүріп, тынығып жүрген екеуі төмен түсе алмай қалып, амалсыздан құтқарушыларды шақырыпты. Төтенше жағдай мамандары қыздарды аман-есен жерге түсіріп, туыстарымен табыстырды. Биіктіктен қорқып қалған бойжеткендерге медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар тауға шығар алдында маршрутты жіті зерттеп, ауа райын бір тексеріп шығуды ескертеді.

← Барлық жаңалықтар