Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

380 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Биыл елімізде 380 мыңдай бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 4 млн 100 мың оқушы білім алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ ведомство осы жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 200 бала қабылданғанын мәлімдеді. Жаңа оқу жылында Конституция қағидалары да назардан тыс қалмапты. Енді балалар өзінің құқықтары мен міндеттері туралы курстар оқиды.

ШЫНАР АҚПАРОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үлгілік оқу жоспарының вариативті есебінен оқушылардың құқықтық сауаттылығын, азаматтық жауапкершілігін және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу курстары енгізіледі. Атап айтқанда, 5-7-сыныптарда «Конституция негіздері», 8-11-сыныптарда «Заң және Тәртіп», 5-11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік».

← Барлық жаңалықтар