Атырау облысында үш жылда «Келешек мектеп» жобасы аясында 9 білім ошағы бой көтерді.
Сол арқылы өңірдегі орын тапшылығы мен үш ауысымды сабақ кестесі түгел шешілген. Құрылыс кезең-кезеңімен іске асырылып, балалар су жаңа мектептерде білім алуға дайын. Жаңа форматтағы нысандардың оқу кабинеттері кең, STEM-зертханалармен, робототехника және IT-сыныптарымен жабдықталған. Тағы әрқайсысында инклюзивті білім беру орталықтары да қарастырылыпты. Мұнайлы өлкедегі бұл құрылыстардың бәрі Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба аясында салынған.
МАРАТ АБУОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа 2026-2027 оқу жылына үш «Келешек мектебін» тапсыру жоспарланып отыр. Біріншісі – Құлсары қаласындағы 1 200 орындық мектеп. Екіншісі – Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында, үшіншісі Ақкөл ауылында орналасқан 600 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы, барлық мектеп өз лицензиясын алды. 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастайтын болады.
Гүлназия Мейірханқызы