Теріскейде күннің салқыны сезіле бастады. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Әсіресе астаналықтар жылы күртесі мен қолшатырын алып жүргені абзал. Бас қалада күн қызуы бар-жоғы 12-14 градусқа көтеріледі. Түнде минус бір градусқа дейін түседі. Ал Алматы мен Шымкентте қалыпты. Күнгейдегі қос мегаполисте 25 пен 31 градусқа дейін температура сақталады.