Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Қостанайдағы теміржол вокзалы жаңарды

Қостанайдағы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Жаңғырту жұмыстары барысында ғимараттың іші-сырты жаңартылып, халыққа қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ вокзал алдындағы алаңның аумағы мың шаршы метрге кеңейді. Енді жаңа ғимарат сағатына 2 мың жолаушыға дейін қызмет көрсете алады. Салтанатты шараға Көлік министрінің орынбасары Дамир Қожахметов пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Ал жаңарған нысанды көрген тұрғындар да вокзалдың заманауи кейіпке еніп, көпшілікке қолайлы бола түскенін атап өтті.

МҰХАМЕДЖАН ЖЕТПІСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің Қостанайдың вокзалы бүгін ашылғалы жатыр. Қостанайға келетін қонақтар да бар, кететін қонақтар да бар. Өзіміз де жүретінбіз. Мына ашылуы құтты болсын. Шынында керемет істеген. Теміржол вокзалы жаңарып, жақсы болып жатыр. Құтты болсын!

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар