Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Ауыр техника арканы қиратып кетті

Ауыр техника жолдағы арканы қиратып кетті.

Оқиға Алматы – Қорғас тасжолында болған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлағандай, Shacman маркалы жүк көлігі шанағы көтерілген күйде жүйткіп, жолдағы қозғалысты бақылайтын аспалы құрылымды соғып өтіпті. Салдарынан металл конструкцияның бір бөлігі құлап, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Жол қызметтері учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жағдайды толық ретке келтірді. Зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр, деп хабарлады ведомство.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар