Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Келер жылдан бастап зейнетақы мөлшері өседі

Келер жылдан бастап елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі. Бюджет жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Қаржы министрлігі ұсынған құжатта зейнет жасындағы төлемнің мөлшері 69 мыңнан 74 мыңға дейін артады делінген. Ал ең төменгі жалақы өзгермейді, қазіргідей 85 мың теңге болып қалады. Айлық есептік көрсеткіш, яғни МРП 4693 теңге болмақ. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің сомасы 38 мың болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 мыңнан асады.

← Барлық жаңалықтар