Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Тек төрт компания ғана қажылыққа апара алады

Алдағы жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді. Айта кетейік, жыл сайын қасиетті Мекке-Мединаға баруға ниет еткендер лицензиясы жоқ турфирмаларға алданып, ақшасынан айырылып жататын еді. Оның алдын алу үшін Мүфтият қажылыққа апаратын туроператорларға конкурс жариялап, лайық дегендерді іріктеп алды.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Іріктеудің негізгі мақсаты — қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, отандастарымыздың Сауд Арабиясының аумағында қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау. Туристік фирмаларды арнайы құрылған комиссия іріктейді. Олардың лицензиясын мүфтият «Туристік Қамқор» корпоративті қоры арқылы тексереді.

Конкурстан өтпей қалған туроператорларға да алаңдауға негіз жоқ. Олар лицензиясы барларына субагенттік негізде қызмет көрсете алады. Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда «қажылыққа апарамын» деп Астанада 37 адамнан 60 млн теңге жинап алған алаяқ сотталған болатын.

← Барлық жаңалықтар