Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Емханаға тіркелу жеңілдеді

Емхана ауыстырғысы келетіндерге жағымды жаңалық! Елімізде тіркелу тәртібі жеңілдетілді. Енді бұрынғыдай 1 қыркүйек пен 1 қарашаны күтудің қажеті жоқ. Азаматтар оны жылына бір рет кез келген уақытта ауыстыра алады. Алайда жаңа медициналық ұйым үйге жақын орналасып, тұрғылықты жеріңіздегі учаскеге қызмет көрсетуі керек. Сондай-ақ оның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болуы тиіс. Ал ерікті медициналық сақтандыру арқылы емханаға тіркелу тәртібі жойылды. Мұндай жағдайда медициналық қызмет пациент пен ұйым арасындағы шарт негізінде көрсетіледі.

← Барлық жаңалықтар