Биыл қазан айында Қазақстан даласына тағы бір Амур жолбарысы жіберіледі.
Бұл жайында «Амур жолбарысы» орталығының директоры Сергей Арамилев мәлімдеді. Бұрын хабарлағанымыздай, елімізде осы жыртқышты көбейту үшін төртеуі Ресейден әкелінген еді. Оның екеуі – ересек, 3-4 жасар, қалғаны – 6-7 айлықтар. Бірнеше ай бұрын ұрғашысы бостандыққа жіберілді. Ол қоршаған ортаға бейімделіп, жерсінген соң, күзде оның жанына аталық жолбарыс қосылатын болады. Егер жолбарыстар бір-біріне сай келсе, ұрпақ өрбітуі мүмкін. Болмаса, еркек жолбарыс басқа ұрғашы іздеп кетеді екен.
Гүлмира Тасболатқызы