Астанадағы Энрике Иглесиастың концертіне баратындар үшін жағымды жаңалық!
Әкімдік ертеңгі кешке жиналатын көрермендерге барынша қолайлы жағдай жасамақ. Яғни сағат 16:00-ден бастап төрт жерден арнайы шаттл-автобустар қатынап, жұртты «Астана Аренаға» тегін жеткізеді. Олар Елорда циркі, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені және «Нұр-Сұлтан» мешіті маңындағы автотұрақтардан жүреді. Кеш соңында да автобустар жолаушыларды кері тасымалдайды. Сонымен қатар «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлігінің бар екенін де еске сала кетейін. Бұл шаралар жолдағы кептелісті азайтып, елорда тұрғындары мен қонақтарының концертке жайлы әрі қауіпсіз жетуі үшін жасалып отыр.
Қуат Құдайберген