Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Аустралиядан асыл тұқымды мал жеткізіледі

Еліміз Аустралиямен бірге төрт түлікті асылдандырмақ. Солтүстік Қазақстан облысына алдағы уақытта 6 мыңнан астам бас әкелу жоспарланып отыр. Сол үшін отандық мамандар осы елдің шаруа қожалықтарына барып, жануарларды іріктеп жатыр екен. Олар малдың тұқымын, жасын, салмағын, төл беру қабілетін бағалайды. Сондай-ақ, төрт түліктің құнын, ветеринария талаптарын және теріскейге жеткізу жұмыстарын пысықтауға кіріскен. Жалпы солтүстікке кейінгі үш жылда 9 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара әкелінген.

← Барлық жаңалықтар