Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 63 миллиард теңге сұраусыз жатыр. 300 мыңға жуық шоттың иелері қайтыс болып, мұрагерлері табылмаған екен. Оның жартысынан астамында ақшаның сол күйі жатқанына 10 жылдан асыпты. Қалдық сома да әртүрлі, орташасы 300 мың теңге десек, біреуінде 45 миллион теңге қалып қойыпты. Марқұм болып кеткен туыстарының шотын азаматтар нотариус арқылы тексерсе болады. Алты айдан артық жатқан ақша тек сот арқылы өндіріледі. Егер мұрагер табылмаса, ақша иесіз қалған мүлік деп табылып, сот шешімімен коммуналды меншікке өтеді екен. Ақпарат үшін айта кетейік, тек биылғы жылдың өзінде елімізде отыз мыңға жуық мұрагер туыстары көзі тірісінде жаратып үлгермеген 56 миллиард теңгені иемденіпті.