Жетісу облысында 65 жыл бұрын іргесі қаланған теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
Бұл станция Қытаймен шекаралас Достық қаласында орналасқан. Мұнда бір күнде 160-қа жуық жолаушы қатынайды. Негізгі бағыттар бойынша 14 пойыз Алматы, Ақтоғай, Балқаш, Қарағанды және Астанаға барады. Жауапты министрліктің хабарлауынша, қайта жөндеу барысында вокзал ғимараты мен инженерлік желілер жаңартылыпты. Сондай-ақ іргелес аумақтың барлығы толықтай абаттандырылған.
Жанар Арғын