Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Мыңдаған жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Мыңдаған жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Өйткені тексеру кезінде денсаулығында кінәраты бар 21 мыңнан аса адам анықталған. Тәртіп сақшылары солардың 13 мыңы бойынша сотқа жүгініп, нәтижесінде жеті жарым мың азаматтың құжатының күші тоқтатылыпты. Дегенмен темір тұлпарды басқаруға рұқсат беретін куәлік бірден тартып алынбайды. Эпилепсия немесе толық көре алмау секілді ауыр сырқаттарға қатаң тыйым салынса, көру не есту қабілеті әлсіз жандар арнайы құралдарды пайдаланып, рөлге отыруға құқылы. Түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды. Басты мақсат – қайғылы жағдайлардың алдын алып, жолаушылардың өмірін сақтау. Барлық деректер Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен ақпараттық жүйесінде шоғырланған екен.

АЙДАНА ЖЕЛІБАЕВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Егер осы айтылған жүргізушілер медициналық қайта тексеруден өтсе, медициналық қарап-тексеруден өткені туралы анықтамасы 073/у нысаны болып табылады. Сол нысан автоматты түрде Ішкі істер министрлігіне өткізіледі.

← Барлық жаңалықтар