Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

«Жыл волонтері» кім болады?

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды. Аталған бастама қоғам игілігіне үн қатып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген жандарды ынталандыруды көздейді. Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, жоба аясында белсенді азаматтар ғана емес, волонтерлік ұйымдар да назардан тыс қалмайды. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еріктілер қозғалысына ерекше басымдық беріліп отыр. Биыл халықаралық волонтерлер жылына орайластырылған байқау 15 номинацияны қамтиды. Оның ішінде «Үздік волонтерлік ұйым», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары» сынды аталымдар бар. Құжаттар 2026 жылғы 7-27 қыркүйек аралығында qazvolunteer.kz сайты арқылы қабылданады. Толық ақпаратты да сол порталдан біле аласыздар.

← Барлық жаңалықтар