Қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Шаруашылықтар қора-қопсысын қамдап, суық түскенше мал азығын қамтамасыз етуге асығуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 33 млн тоннадан астам жем-шөп әзірленіп, жоспардың 80 пайызы орындалыпты. Дайындық қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде де көрсеткіш жаман емес. Жалпы биыл малға қоректен таршылық болмауы тиіс. Бұған қоса қажет жағдайда шаруаларға қолдау көрсету үшін 200 мың тоннадан астам қор жиналады.