Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Мұнай өңдейтін кәсіпорын өртке оранды

Қызылордада қара алтын өңдейтін кәсіпорын отқа оранды. Қызыл жалын 120 тонна мұнай өнімі бар екі резервуарды шарпыған. Алайда оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытында ауыздықтап үлгерді. Әйтпесе, шикізат сақталған үшінші қойманың да жанып кетуі мүмкін еді. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, апаттың бетін қайтару үшін арнайы өрт сөндіру пойызы мен 18 техника, сондай-ақ жеке құрамнан 60 адам жұмылған. Зардап шеккендер жоқ.

← Барлық жаңалықтар