Бір әріп үшін оқулықтар қайта басылады. Мектеп бағдарламасындағы кітаптар мен өзге де материалдар ұлттық валютаның жаңа нұсқасына сәйкестендірілмек. Яғни барлық тілде еліміздің ақшасы «теңге» деп жазылады. Тиісті өзгерістер Ата заңда айшықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, аталған жаңашылдық бүкіл басылымға қатысты емес. Осы мақсатта арнайы жоспар әзірленіп жатқан көрінеді.