Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Индонезияда бір мезетте бес жанартау атқылады

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері тағы да қауіптің бел ортасында қалды. Бұл жолы жер сілкінісі емес, халықтың мазасын ұзақ уақыт ұйқыда жатқан жанартау ала бастады. Аймақтағы ең ірі Индонезияда бір мезетте бес бірдей вулкан атқылады. Ал шашыраған лава бірнеше шақырым төңірекке таралды. Сондай-ақ аспанға көтерілген күл айналаны қара түнекке айналдырды. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында 3 мыңға жуық әуе рейсін кейінге қалдырды. Елдің әуежайларында 340 мың жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Жағдай әсіресе Анак-Кракатау аралдарында күрделі. Жермен аттас жанартау өткен аптаның соңынан бері дамылсыз лава шашып тұр. Құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, журналистер сәтті кадр үшін басын қатерге тігіп келеді. Мәселен, Тынық мұхитындағы елсіз аймаққа барған сегіз адам із-түссіз жоғалып кеткен көрінеді. Олар жергілікті БАҚ өкілдері болуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар