Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Полицей пышақ сермеген

Жол үстіндегі ерегіс қанды оқиғаға ұласты. Жамбыл облысында ішкі істер саласының өкілі қас қарайғанда белгісіз бір ер адамға пышақ сілтеген. Сұмдық жағдайдан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы мен оның орынбасары қызметтен шеттетілді. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға осыдан он күн бұрын, полицейдің қызметтен тыс уақытында болған. Ауыл арасындағы күре жолда екі көлік жолға сыймай, жүргізушілер арасында дау туған. Артынша адам тәртіп сақшысына тап беріп, соққыға жығыпты. Құқық қорғау қызметкері қорғану мақсатында амалсыздан пышақ қолданған екен. Жарақат алған азаматтың қазіргі жағдайы қалыпты. Ал погондағы күдікті қамауға алынды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ, РЕСМИ ЖАУАП:

Шу қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел уәкіл ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Бірқатар басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

← Барлық жаңалықтар