Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Суару кезеңі тұрақты өтті

Биыл еліміздің шаруаларына шамамен 11 миллиард текше метр су берілді.

Нәтижесінде 1 миллион 160 мың гектар жер суарылды. Қазір өсімдіктің дамуына қолайлы кезеңде де тіршілік нәрімен қамтамасыз ету қалыпты жүргізіліп келеді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі түркістандық шаруалармен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ өңірде арналарды бетондау және су сорғыларын орнату жұмыстары да жалғасып жатыр. Жалпы, биыл оңтүстіктегі бес облыста суару маусымы ешқандай қиындықсыз өтіпті. Бұған пайдалану лимиттерін сақтау және суды көп қажет ететін дақылдардың көлемін қысқарту оң әсерін беріпті.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Үш каналға сорғы қойдық. Мысалы, су деңгейі төмендеп кетсе, сол сорғылармен шаруа қожалықтарына су жеткізіп береміз. Былай айтқанда, вегетация кезінде ауа райына қарамай тіршілік тоқтамайды. Шаруашылыққа су беру керек.

← Барлық жаңалықтар