Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Қайықпен бірге ғайып болды

Қайықпен бірге ғайып болды. Павлодар облысында су көлігі аударылып, 43 жастағы азамат із-түссіз жоғалып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, саят құрғандардың саны бесеу болған. Апат кезінде төртеуі аман-есен жағаға жүзіп шығыпты. Ал бір ер адам суға батып кеткен. Қазір құтқарушылар жоғалған жанды жанұшыра іздеп жатыр. Іздеу-құтқару жұмысына жедел-құтқару жасағының алты адамы және үш жүзу құралы мен екі эхолот тартылған. Олар су түбіне 11 мәрте сүңгіп, екі күннің ішінде 35 шақырым аумақты шарлағанымен, әзірге нәтиже болмай тұр.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар