Жасанды интеллект сарбаздар жейтін тамақтың құнарлылығын тексеріп жүр.
Ұлттық ұланның Көкшетаудағы әскери бөлімінде дәл осындай жоба жүзеге асуда. «E-Qamqorlyq» деп аталатын жаңа жүйе азық-түлікті сатып алу, сақтау, санитариялық талаптар мен рұқсат нормаларын бақылайды. Ал Q-Store қоймадағы ас-судың есебін жүргізіп, олардың жарамдылық мерзімін қадағалайды. Әзірге платформа сынақтан өтіп жатыр. Оның тиімділігі дәлелденген жағдайда бұл тәжірибені басқа да әскери бөлімдерде қолдану жоспарланып отыр.
ШАХИНУР АБДУГАППАРОВ, САРБАЗ:
Біздің әскери бөлімде «E-Qamqorlyq» қосымшасы жұмыс істейді. Бұл қосымша арқылы біз тамақ құрамын біле аламыз. Сондай-ақ өз пікірлерімізді «E-Qamqorlyq» қосымшасы арқылы жеткізе аламыз. Біздің пікірлеріміз әскери бөлім басшылығына және азық-түлік жеткізушілерге тікелей түсіп отырады.
Үсен Астана