Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Қия мен құздағы таутекелер

«Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі таутекелер фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл жануарлар әдетте адам аяғы баспайтын тік жартастар мен тау беткейлерін мекендейді. Қауіп төнгенде немесе қорек іздегенде осындай биік құздарға асқан шапшаңдықпен өрмелеп шығады. Видеода олардың табиғи ортадағы емін-еркін тіршілігі тайға таңба басқандай таспаланған. Айта кетсем, бүгінде «Алтын-Емелде» 4 мыңға жуық тауешкі бар.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар