Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Алматы полицейлері аяқтарынан тік тұрды

«Полиция ғимаратына бомба қойдым». Осылай деп қоңырау шалған ер адам Алматының бүкіл арнайы қызметін аяғынан тік тұрғызды. Басқармалардың бірі отырған нысанға тайлы-тұяғы қалмай жеткен мамандар оның іші мен сыртын және іргелес аумақтың бәрін мұқият тексеріпті. Бірақ ешқандай жарылғыш зат таппаған. Осындай дүрбелең кезінде ың-шыңсыз жұмыс істеген тәртіп сақшылары суыт хабар берген күдіктіні анықтаған. Жұртты дүрліктірген 56 жастағы ер адам болып шықты. Тергеу барысында оның мұны қасақана жасағаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, қазір қамауда отыр.

← Барлық жаңалықтар