Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

«Айбалта-2026» оқу-жаттығуы басталды

Елімізде «Айбалта-2026» оқу-жаттығуы басталды. Ол Қарағанды гарнизонының «Спасск» оқу орталығының полигонында өтіп жатыр. Әскери жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылығынан 600-ге жуық қызметші, 50-ден астам қару-жарақ пен техника жұмылдырылды. Басты мақсат — сарбаздардың кез келген тапсырмаға қаншалықты дайын екенін тексеру. Сондай-ақ, командирлердің дұрыс шешім қабылдай алу қабілетін шыңдап, әскери бөлімдерді біртекті және үйлесімді жұмыс істеуге үйрету.

ЖЕҢІС ҚОЖАТАЕВ, №31775 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша өзіміздің мықты тұстарымызды және одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтаймыз. Басты міндетіміз — кез келген жағдайда өзімізге жүктелген міндеттерді орындауға дайын болу.

← Барлық жаңалықтар