Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Әйелін балаларының көзінше ұрып тастаған

 Әйелін балаларының көзінше аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды. Әбден таяқ жеген келіншектің әлеуметтік желіде тараған видеосы көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Әсіресе, кадрдағы жылаған балалардың дауысы қоғамды тіксінтті. Беті мен қолы қан-жоса болған әйел өзін видеоға түсіріп, әпкесінен көмек сұраған. Ерні де жыртылып кетіпті. Сөйтсе, жанжал дәмханадағы фотодан басталған екен. Жұбайы қызғаныш үстінде оған қол көтеріп, дымын қалдырмаған. Шымкенттің тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. 25 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

НҰРДӘУЛЕТ СҮЙЕУБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ТҰРАН АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар