Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Кішкентай қызға азғындық жасамақ болған

Шымкентте 8 жасар қызға азғындық жасамақшы болған ер адам сотталды. Сұмдық жағдай сәуір айында болғанымен, істің нүктесі енді қойылды. Елуді еңсерген азамат подъезде 3-сынып оқушысын аңдып, кейін ұстап алып көкірегіне қолын жүгіртіп, сүйіп, зорламақ болған. Сол сәтте қаршадай қыз көршілерін көмекке шақырыпты. Еңгезердей ер адамның пиғылы сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда бірінші сот отырысында күдікті бар болғаны 147 мың теңге айыппұлмен құтылып кетіпті. Бірақ жәбірленуші тарап бұл үкіммен келіспей, істі қайта қаратқан. Нәтижесінде 56 жастағы сотталушыға 7 жыл 6 ай мерзімге үкім кесілді. Онымен қоса арызданушы тарапқа 3 млн теңге өтемақы төлейді.

БОЛАТ ҚАРАБАЕВ, СУДЬЯ:

Қарауындағы кәмелетке толмаған балалар Шымкент қаласы білім басқармасының қарауына беріледі. Олардың өздерінің туысқандарын, тұрғылықты жерін анықтап беру үшін. Педагогика және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Екінші сотта ғана әділдікке қол жеткізгендер енді істі тергеген тергеушінің әрекетін дұрыс зерделеуді талап етіп отыр. Сұмдық жағдайдан соң отбасы бұрынғы баспанасынан көшіп кеткен. Себебі анасының айтуынша, қызы қатты қорқып қалыпты. Қазір психологиялық көмек көрсетіліп, мамандардың бақылауында екен.

ФИРУЗА САДЫҚОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Қызымның қазіргі жағдайы стабильно, бірақ еркектерден қорқып қалған, даже он жасар баладан да қорқып қалған. Көшеге шықса да әпшесімен бірге шығады, былайынша қасына еркек жақындаса уже қорқатын болған. Біз сразу көшіп кеттік, қазір басқа жақта тұрып жатырмыз, сразу көшуге мәжбүр болдық, мектебін, бәрін ауыстырдық.

← Барлық жаңалықтар