Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Астанада жеңіл машина өзенге түсіп кетті

Айдың-күннің аманында өзен жағасында тұрған көлік суға құлап кетті.

Оқыс оқиға Елордада болды. Көліктің ішінде бірнеше адам болған. Әйтеуір олар шығып үлгеріпті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы кранның көмегімен темір тұлпарды судан шығарып алған. Есілге батып кете жаздаған машинасының иесі төтенше жағдай мамандарына алғысын жаудырыпты. Алдын ала болжам бойынша, көліктің қозғалып кетуіне электронды жүйедегі ақау себеп болған көрінеді.

Аяжан Қожатай

← Барлық жаңалықтар