Енді туристік аумақта самокат тебуге болмайды.
Жаңа ереже 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, қаланың тарихи бөлігінде жолаушылар тасымалына арналмаған электрлі темір тұлпарлар, велосипедтер, самокаттар мен басқа да көлік құралдары қаптап кеткен. Олардың ретсіз қозғалысы туристер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпке айналыпты. Осыған байланысты шектеу қойылып отыр. Мұндай тәртіп Өзбекстанның негізгі туристік аймақтарының бірі — Бұхара қаласында енгізіліп жатыр.
Үсен Астана