Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Түнгі шуға қарсы акустикалық жүйе ұсынылды

Енді түнде көлігін құйғытып, ел-жұрттың ұйқысын ұрлайтындарға қатысты тәртіпті күшейту керек.

Құрылтай отырысында депутаттар Ішкі істер министрлігіне осы мәселені көтеріп, сауал жолдады. Халық қалаулылары ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, көліктің шамадан тыс дауысын автоматты түрде анықтайтын жүйені іске қосуды алға тартты.

Кендебай Адамбек, ҚР Құрылтайының депутаты:

Мәселені шешудің бір жолы — шу деңгейінің шамадан тыс көтерілуін автоматты түрде тіркейтін акустикалық жүйе орнату. Шетелде мұндай тәсілдер қолданылады. Мысалы, АҚШ-та автоматты акустикалық камералар пайдаланылады. Кей жағдайда көлікті тәркілеу де қарастырылған. Германия мен Францияда түнгі рейдтер өткізіліп, арнайы жылжымалы зертханалар қолданылады.

Аяжан Қожатай

← Барлық жаңалықтар