Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

ҚазҰУ-дың ғимараты құлады

Қазақ ұлттық университетіндегі студенттер сарайы құлады. 28 жыл бұрын пайдалануға берілген тарихи нысанның өткен түнде төбесі опырылып ортасына түсті.

Вот и все. Отремонтировали дворец студентов. Только что рухнул.

Осылайша, Өмірбек Жолдасбеков атындағы ғимараттың ғұмыры өміршең болмады. Талай таланттың өнер әлеміндегі алғашқы баспалдағы болған мекеннің бұрынғы кейпі тарих қойнауына кете барды. 2023 жылы құрылысынан кінәрат табылып, техникалық жағдайы тозып кеткені айтылған. Алайда содан бері жалаңаштанған қабырғалардан басқа жөндеу жұмыстары жүрмеген сыңайлы. Университет басшылығының хабарлауынша, сарайдың шатырын бұзып жатқанда төбесі құлаған.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

2026 жылдың 23 қыркүйегіне қараған түні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатырын жоспарлы бөлшектеу (демонтаждау) жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында барлық жұмыс түнгі уақытта орындалды. Мердігерлер тарапынан қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Зардап шеккендер жоқ.

← Барлық жаңалықтар