Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Жалған полиция қызметкерлері ұсталды

Алматыда өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, мегаполис тұрғынына қару кезеп, ақша талап еткен топ ұсталды. Арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін олар жәбірленушіні көліктеріне күштеп мінгізіп, қала сыртына шығарып алған.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қысым көрсету арқылы жәбірленушіні туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Нәтижесінде олар қылмыскер көрсеткен нөмірге 3 миллион теңге аударған. Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында қылмыстық топтан қару-жарақ, оқ-дәрілер тәркіленген. Дәл осындай жағдай Ақтөбе облысында да тіркеліпті. Ол жақта бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды.

← Барлық жаңалықтар