Теріскейге күз келсе де, мамыргүл қайта гүлдеп жатыр.
Жергілікті жұрт мұндай көрініске таңырқап, бұрын-соңды болмағанын айтады. Мамандардың сөзінше, биыл жаздың ыстық әрі құрғақ болуы, сондай-ақ қыркүйектің басындағы жылымық өсімдіктің бүршік атуына әсер еткен. Жапырақ қурап, айнала сары түске боялған шақта тұрғындар жайқалған әсем гүлдің жұпарын сезініп, мәз-мейрам күй кешуде.
Александра Кудренко, Ауыл тұрғыны:
Балалармен серуендеп жүргенде, басымызды көтеріп қарасақ, ана жерде гүлдеп тұр екен. Кейін жүріп өтсек, мұнда көп жерде гүлдеп жатқанын байқадық. Әдемі! Көктемде бұлай көп болмаған еді. Тез солып, бір аптадай ғана гүлдеді. Ал күзде ұзақ гүлдеп тұр. Көктемде де, күзде де гүлдерін тамашалап үлгердік.
Любовь Муляр, Ауыл тұрғыны:
Үш жыл бұрын да осындай жағдай болған. Сирень қатты гүлдеген еді. Ал биыл тіпті таңғалдырды. Гүлдері ірі, шоқтары да үлкен.
Рамазан Палмағанбет