Мұржаларды тазалап, жарылған пештерді жөндеңіз!
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды жылыту маусымына немқұрайлы қарамауға шақырды. Күн суыған кезде, әсіресе от жағатын жандар пештер мен баспананы қыздыратын бұйымдарды тексергені жөн. Қауіпсіздіктің қамы үшін ошақтың алдына жанбайтын төсеніш төсеп, электр сымдарын қадағалап, өрт туралы хабар беретін дабыл құрылғыларын орнатып қойған абзал. Егер қандай да бір ақау болса, мамандарға хабарласуды ұмытпаңыз!
Маржан Нүсіпбек