Елімізде Starlink Mobile спутниктік байланысы іске қосылды.
Осылайша Қазақстан Орталық Азияда бұл технологияны алғаш енгізген ел атанды. Енді кез келген жерден, мейлі байланыс болмаса да, осы қосымша арқылы хабарлама жіберіп, базалық интернет-сервистерін пайдалануға болады. Ол үшін арнайы спутниктік телефон, сыртқы антенна немесе қандай да бір құрылғы қажет емес. Қызметті «Janymda» қосымшасы арқылы қоса аласыз. Технология әсіресе таулы өңірлерде, қала сыртындағы жолдарда және шалғай елді мекендерде, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде байланыста болуға мүмкіндік береді. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында жасалған келісімдер негізінде жүзеге асып отыр.
Қуат Құдайберген