Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шетке заңсыз астық экспорттаған

 

Адамнан айла артылған ба? Пайда тапқысы келгендер енді ұнға ауыз сала бастады. Батыс Қазақстан облысында бес адам бірігіп, Орталық Азия елдеріне астық экспортын ұйымдастырған. Себебі аталған аймақтарда отандық бидай алтынмен пара-пар. Мәселен, пысықайлар азық-түліктен таршылық көріп отырған Ауғанстанға және Тәжікстан мен Өзбекстанға отандық өнім ретінде астық жөнелтіп, тарифке қатысты жеңілдіктер алып келген. Олар аз ғана уақыттың ішінде шетке 130 мың тонна бидай шығарыпты. Жөнелтілген «ас атасының» жалпы құны 11 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ бір ғана Қазақстан темір жолының қызметін заңсыз пайдаланып келген. Бұдан бөлек, күдіктілер салықтан жалтару үшін экспорттаушы компаниялардың шоттарынан сыбайлас ұйымдарға қомақты қаржы аударып отырған. Кейін түк болмағандай құзырлы органдарға банкроттық туралы арыз тастап үлгерген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Схеманы жүзеге асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген. Кейін бұл компаниямен отандық шаруа қожалықтарының арасында астық сатып алуға қатысты жалған шарттар рәсімделген. Осылайша, астыққа Қазақстанда өндірілген өнім түрі беріліп, оны тасымалдау кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған. Транзиттік тарифтің төленбеу салдарынан ҚТЖ жүк тасымалы серіктестігіне залал келтірілген.

← Барлық жаңалықтар