Мазмұнға өту
· 17 қаралым

9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойған

 

Түркістан облысында тоғыз айлық сәби екі бірдей батарейканы жұтып қойған. Ата-анасы әу баста бұл жағдайдан бейхабар болған. Бірақ уақыт өте келе кішкентайдың қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлай түскесін ауруханаға апарған. Дәрігерлер тексерген сәтте өңешінде және іш құрылысында батарейкалардың тұрғанын анықтапты. Бірден ота жасап, бір жарым сағат дегенде бөгде заттың біреуін алып шыққан. Ал екіншісі бірнеше күннен кейін табиғи жолмен түскен.

БЕРДАЛЫ ТАСАНБИ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда баланың жағдайы қалыпты. Баланың тәбетінде ешқандай бұзылыс жоқ. Бірақ бірінші күні зонд тұрған. Сондықтан біз ата-аналардан сұрайтынымыз: осындай батарейкаларды, магнит секілді дүниелерді жоқ қылғандарыңыз жөн болады.

← Барлық жаңалықтар